Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы: Ақтауда аймақтық есірткі арнасының жолы кесілді

Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 12:06 Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында Шекара қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Ақтауда жүргізілген операция нәтижесінде есірткіні тасымалдап, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.

"Тінту барысында 100 кг аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді." ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

2023 жылдың 6 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткінің екі ірі астыртын өндірісін жою бойынша операция жүргізгені белгілі болды. Бұл туралы толығырақ жоғарыдағы сілтемеден оқи аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: