Қостанай облысында малдың құтыру дерегі тіркелді
Сурет: pixabay
Қостанай облысында малдың құтыру дерегі тіркелді. Ұзынкөл ауданындағы шаруашылықта тамыз айында бір сиырдың осы індетті жұқтырғаны анықталған.
Мамандар мұны жыл сайын кездесетін қалыпты жағдай деп отыр.
Яғни, таралу қаупі төмен. Індет шыққан шаруашылыққа ветеринарлық талапқа сай шектеулер қойылды.
Екі айға жуық бақылау кезінде құтыру ауруы басқа малдан анықталған жоқ.
Сондықтан жақын күндері шектеулер алынып, шаруашылық жұмысы қалыпты жағдайға көшіріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript