Елімізде төрт мың бала қатерлі ісіктен емделіп жатыр

Жыл сайын 600-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталады. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы.
Қазір қатерлі ісікке шалдыққан 4 мыңға жуық бала мамандардың бақылауында. Жалпы 13 мыңнан астам адам, ата жаман аурудың құрбаны болады, деп жазады qazaqstan.tv.
Дәрігерлер ауруды ерте анықтаса дерттен айығуға мүмкіндік бар дейді. Онкологиялық көмек кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Науқастарға 500-ден астам дәрігер ем-дом жасайды.
Бүгінде жыл сайын осы бағытта 30 мың ем-дом жасалып жүр .
"Жыл сайын 30 мың онкологиялық операция химиотерапия немесе тәуелсіз әдіс ретінде жасалады. Бұл ретте бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып орындалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін ұлғаяды. 14 мың пациент химиотерапиялық ем алады, бұл жылына шамамен 90 мың сеанс." Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript