Астана әуежайы БАӘ компаниясының жедел басқаруына өтеді

Мемлекет пен жеке компанияның мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленеді, ол болашақ инвестицияларға негіз болады., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 09:01 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен ұшу-қону жолағын реконструкциялау мен жаңғыртуға дайындайтын келісімге қол қойды, содан кейін Астана әуежайын жедел басқару оған беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Астана әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.


"Инвестор елорда әуежайының қызметіне кешенді баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және тұтастай алғанда әуе айлағының тиімділігін арттыру бойынша жедел басқаруды өз қолына алады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, дайындық жұмыстары мен елорданың қысқа құрылыс маусымын ескере отырып, келесі жылы жерүсті инфрақұрылымын қайта жаңғыртуды бастау жоспарланып отырғаны айтылды.

Осымен қатар мемлекет пен жеке компанияның мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленеді, ол болашақ инвестицияларға негіз болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: