Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда коммуналдық мекеме атқарылмаған жұмысқа ақша аударған

Таразда коммуналдық мекеме атқарылмаған жұмысқа ақша аударған, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 16:47 Сурет: Zakon.kz
Тараздың тазалығына жауапты коммуналдық мекеме 700 миллион теңгені оңды-солды шашқан. Аймақтағы Антикор мамандары "Жасыл Ел-Тараз" кәсіпорынана қатысты тексеру жүргізіп, қазына қаржысын қолды қылу фактілерін анықтады.

Соның бірі, мекеме атқарылмаған жұмысқа ақша аударған. Қала әкімдігіне қарайтын мекеме 60 млн теңгеге жуық қаржыны өзге мердігер қалтасына салып берген. Іс жүзінде қала ішінде тұруы тиіс ақпараттық пилон тақтайшалар орнатылмаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал, абаттандыру жұмыстары тек құжат жүзінде жүргізілген. Алайда мекеме "мүлтіксіз жұмыс жасалды" деп мердігерге қомақты қаржы аударады.

Сондай-ақ, саябақтардағы жалға беру орындарынан түскен 7 миллион теңгеге жуық қаржы қазынаға түспеген. Тендерден табыс тапқан тазалық мекемесінің соңғы 3 жылда бірде-бір конкурс өткізбегені анықталып отыр.

"Бұл мекеменің мемлекеттік сатып алу процесін ашықтығы жоқтығын көрсетті. Яғни, бізде мысалы 3 жылдың ішінде 1 500-ге жуық осындай келісімшарт жасалған. Бірақ оның біреуі мемлекеттік сатып алудан өтпеген, яғни, әрбір кәсіпкерлік субъектелірімен тікелей отырған." Дәурен Омаров, Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: