Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ Израильде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған екі қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Израильде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған екі қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығарды., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 16:56 Сурет: gov.kz
Израиль Сыртқы істер министрлігі елде бір қазақстандық қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін Израиль Сыртқы істер министрлігі шет елдердің қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған азаматтары туралы ақпаратты таратқан болатын. Олардың мәліметінше, 218 адам қаза тауып, 78 адам із-түзсіз жоғалған.

Жоғалған адамдардың тізімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 16:56

Сурет: скриншот

16 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның Израильдегі Елшілігіне 100-ден астам Қазақстан Республикасының азаматы елден кетуге көмектесу туралы өтінішпен хабарласты. Олардың кейбірі қазақстандық дипломаттардың көмегімен өз бетімен елден шығып үлгерді.

Палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Израиль арасындағы қақтығыс 7 қазанда содырлар Израильдің шекаралас аудандарына шабуыл жасап, жүздеген бейбіт тұрғынды өлтіріп, адамдарды кепілге алған кезде өрши түсті. Көп ұзамай Израиль армиясы ХАМАС тобын Израиль аумағынан қуып шығып, Газа секторын қоршауға алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: