Жаңалықтар тізбегі
0

Астана қаласы Республика күнін қалай тойлайды

Астана, Республика күні, іс-шаралар, мереке, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 18:27 Сурет: Zakon.kz
Астанада Республика күні қарсаңында 200-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылы 20 қазанда Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәлімдеді.

"Биыл Республика күнін мерекелеу аясында елордада 200-ден астам мәдени-бұқаралық, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрікті жерлерге экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер өткізу, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына азық-түлік себетін тарату және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр", - деді ол. 

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі объектілерде де, тұрғын үй алаптарының аумағында да, білім беру ұйымдарында және т.б. орындарда өтеді. Республика күніне орай бірқатар ірі спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланған, оның ішінде:

  • 21-22 қазанда конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты,
  • 23 қазаннан 6 қарашаға дейін жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты бар.

Көрермендер үшін спорт жарыстарына кіру тегін.

Мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева елордада жоспарланған мәдени іс-шаралар туралы айтып берді:

  • 23 қазан күні Астанадағы М.Горький атындағы орыс драма театры "Әлия" драмасымен театр маусымын ашады деп жоспарланып отыр.
  • 24 қазан сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
  • 24 қазан "Наз" мемлекеттік би театрының "Республикам Қазақстан" атты мерекелік концерті өтеді. Басталуы 19:00-де.
  • 24 қазанда "Барыс Аренада" сағат 20.00-де қазақ елінің атын әлемге танытып жүрген, бірдей үш әуеннің басын қосып, күйдің құдіретін әлемге сезіндірген "Ұлытау" тобының 25 жылдығына орай концерт өтеді.

Сонымен қатар, осы күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, Астана қаласының 5 ауданының шет аймақтарындағы тұрғын алаптарында мерекелік концерттер өткізіледі. Нақтырақ айтсақ:

  • "Көктал" саябағы, басталуы - 15:00;
  • Бараев тұрғын алабы, басталуы - 15:00;
  • Интернациональный тұрғын алабы, басталуы - 15:00;
  • Пригородный тұрғын алабы, басталуы - 12:00;
  • Жағалау тұрғын алабы, басталуы - 12:00.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: