Жаңалықтар тізбегі
0

Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті

Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 13:02 Сурет: Zakon.kz
Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті. Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға берілді. Олардың барлығы былтыр күзде ғана әскерге шақыртылған.

Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі. Сарбаздарды жоғары оқу орнына іріктеуде қойылатын басты талаптар осы.

Ал бұл 1500 сарбазды іріктеген арнайы комиссия мүшелері. Оның құрамында Қарулы Күштердің басшылығынан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері бар, деп жазады qazaqstan.tv.

"1500 сарбаздың барлығының жауынгерлік дайындықтағы көрсеткіштері жоғары. Оларға жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай, ақысыз түсу құқығы беріледі." Айгүл Төлембаева, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі

Былтыр қазан айында Қорғаныс министрілігі еліміздегі 70-ке жуық жоғары оқу орынымен келісім шартқа қол қойды. Білім мекемелері 3 мың грантты бөлген. Оның жартысы көктемде үлестірілген.

"Бүгінгі күні сол іріктеудің екінші кезеңі өтті. 1500 сарбаз іріктеуден өтіп, сертификатын алатын болады. Бұл бағдарламаны Мемлекет басшысы қолдап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылы мемлекет тарапынан грант берілетін болды." Ербол Құмарбекұлы, ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы

Жоғары оқу орындарына түсу үшін берілген сертификаттарды байқау жеңімпаздары "Срочники 2.0" платформасынан ала алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: