Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда жол қозғалысы ережелерін бұзған 87 скутер мен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

Таразда жол қозғалысы ережелерін бұзған 87 скутер мен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 15:21 Сурет: Zakon.kz
Осы жылы мопедтерді, скутерлерді және электрлі самокаттарды басқаратын адамдардың көбеюінің салдарынан жол қозғалысы ережелерін бұзу, сондай-ақ олардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының саны артты.

Аталған көлік түрлері жүргізушілерінің жолдағы тәртібін арттыру мақсатында полицейлер рейдтік іс-шаралар жүргізіп, жүргізушілермен алдын алу жұмыстары күшейтілді. Патрульдік полиция инспекторлары жұмыс барысында скутерлер мен мопедтердің жүргізушілері жіберген бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады.

Оның негізгілері – арнайы бас киімсіз жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, кәмелетке толмағандардың мопедті пайдалануы, маневр жасау ережелерін бұзу және апаттық жағдай тудыру. Көп жағдайда жол ережесін бұзушылар жасөспірімдер.


"Екі күндік рейдтік іс-шаралар барысында облыс орталығында полиция қызметкерлерімен 87 мопед пен скутер жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыптұрағына 45 мотокөлік қойылды. Көбінесе бұл көлікті 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер пайдаланады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, профилактикалық әңгімелер жүргізілді", – деді Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, бұл адамдар жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіреді. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, соңғы уақытта мотокөліктердің қатысуымен орын алған жол-көлік саны артты.

Жыл басынан бері облыс жолдарында мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 1 адам қаза тауып, 13 адам түрлі жарақат алды. Мопедтер мен скутерлер жүргізген балалардың қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 1 бала қаза тауып, 9 бала жарақат алды.

Мысалы, осы жылдың 20 қазанында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, Range Rover автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің жүргізушісі оқиға орнында алған дене жарақатынан қайтыс болды. Көбінесе жасөспірімдер жол ережесін мүлдем білмей рульге отырады.

Ата-аналар баласына қымбат сыйлық бере отырып, оның салдары туралы ойламайды, олар өз балаларының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Скутер, мопед және тіпті велосипед – бұл нақты көлік құралдары және олардың қатысуымен болған апаттардың салдары қайғылы жағдайға әкеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: