Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 17:01 Сурет: ҚР ІІМ
Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм.

5 қазанда сағат 20:45 шамасында "Қарасора – 2023" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені шеңберінде Ақтау қаласының 13-шағын ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.

Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм. Сондай-ақ ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын экстази есірткі қоймасын көрсетті.

Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелді.

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: