Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды қаласында Республика күніне орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды

Қарағанды қаласында Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 19:29 Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 қазанда Қазақстанда Республика күні — 1991 жылы ел тәуелсіздігін жариялауға арналған мемлекеттік мереке атап өтіледі. Бұл күні Қазақстанның жетістіктерге жеткенің және дәстүр мен мәдениеттегі жетістіктері үшін мақтанышымызды білдіруге арналған күн.

Қалада белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, жастар мен ғылыми қайраткерлердің қатысуымен 200-ден астам негізгі іс-шаралар өтті. Барлық іс-шаралар #Republic Day және #Республика күні хэштегтерімен өткізілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде "Republic Day" акциясы аясында "Қыран елім — Қазақстан!" қала тұрғындарынның Отан туралы сүйікті туындыларынның орындауымен, ұлттық киімдерде бейне құттықтау челленджі ұйымдастырылды.

Қарағанды қаласында Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 19:29

Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ең маңыздысы Қарағанды қаласындағы тұрғын үйге кезекте тұрған Әлихан Бөкейхан ауданы, Белинский көшесінде орналасқан үй кілттерін тапсыру болды. Пәтер иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, балалар үйінің түлектері бар. Кілтті салтанатты түрді облыс әкімі Е.К. Бөлекпаев тапсырды. Облыс әкімі құттықтау сөзінде: "Бұл оқиғаның қала үшін маңыздылығын атап өтті, өйткені әрбір қазақстандық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету-мемлекет саясатының басты мақсаттарының бірі" - деп атап өтті.

Сонымен қатар Республика күнін мерекелеу қарсаңында "Молодежный"МҮ-де "Қарағанды қаласының Құрметті азаматы" атағымен салтанатты концерт өтті.

Қарағанды қаласында Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 19:29

Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін "Қарағанды қаласының Құрметті азаматы" атағы келесі көрнекті тұлғаларға берілді:

- Уахитов Бекен Уахитұлы

- Жүнісов Бақытбай Жолжақсынұлы

- Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

Бұл олардың еңбегі мен қаламыздың дамуына қосқан үлесін лайықты мойындау.

Салтанатты концерт қазақстандық эстрада жұлдыздары "Tengri этно" тобы, Актоты Болшова, Салтанат Дәулетхан, Ербол Тәжімбаев жалғасты.

Қарағанды қаласында Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 19:29

Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс шара Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының ұсынысымен Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен қаламыздағы "Алаш" қайраткері, тұңғыш заңгер Жақып Ақбаев атындағы мектеп оқушыларынан құралған "Жас полиция" мектебінің ашылу іс-шарасы өтті.

Айтулы шара барысында жас полицейлер Ант қабылдап, ізгі-тілек ниеттерін білдірді және мерекелік концертке ұласып, жиналғандар "Атамекен", "Мен қазақпын" паториоттық әндерін шырқады.

Қарағанды қаласында Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 19:29

Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылғы 25 қазанда "Қыран елім – Қазақстан!" акциясы аясында облыс әкімі Е. Қ. Бөлекпаевтың, депутаттардың, ҚХА өкілдерінің, мұғалімдердің, спортшылардың, қала тұрғындары мен жастарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Гимніні бірыңғай орындалды, іс – шараға 3000 адам қатысты, сондай-ақ, қаланың 6 кітапханасында "Оқырман ұлт" жобасы аясында қаланың танымал шығармашылық тұлғаларының қатысуымен "Жастықтың жалынды жырлары" тақырыбында кездесулер өтті және "Jastar Birge" жобасы аясында еріктілерді оқыту бойынша слет өткізілді. Слеттің басты міндеттері волонтерлік топтардың үздік басшыларының тәжірибесімен алмасу, оларды өзара ынтымақтастыққа шақыру, волонтерлік бағыттар бойынша біліктілікті арттыру болды.

Қарағанды қаласында Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 19:29

Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Академик Е. А. Бөкетова Қарағанды университетінің алаңында. Қарағанды қаласы әкімінің кубогына "Jaidarman" фестивалі өтті, қала мектептерінде кездесулер, дөңгелек үстелдер, акция көрмелері мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Қаланың мерекелік безендірілуі қала тұрғындарының жағымды көңіл-күйін және аймақтың салтанатты атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті, яғни Республика күнін мерекелеуге арналған қала көшелерінде тақырыптық баннерлер, 1500 консольдық жалаулар, 300 ту конструкциялары орнатылды, оның ішінде қаланың екі ауданының 10 саябақтарында 5 фотоаймақ орнатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: