Жаңалықтар тізбегі
0

Қарапайым экономика: цифрлық теңге дегеніміз не?

Қарапайым экономика: цифрлық теңге дегеніміз не?, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 15:08 Сурет: Ұлттық төлемдер корпорациясы
Қазақстан дамыған елдерден қалыспай өзінің цифрлық ұлттық валютасын шығару бойынша жұмыстарын пысықтап келеді. Цифрлық теңге бойынша Ұлттық Банк шаралары 2021 жылы басталған болатын.

Жоспар бойынша дайындық жұмыстары 2025 жылы аяқталып, сол жылы цифрлық теңге жаппай қолданысқа енгізілуі керек

Цифрлі теңгенің қағаз теңгеден айырмашылығы бар ма? Ол криптовалюта ма?

Цифрлы теңгені кәдімгі қағаз теңгенің цифрлы көшірмесі деп атауға болады. Екеуінің атқаратын қызметі бір. Тек, банкнотаны біз қағазға басатын болсақ, оның цифрлі баламасына ондай шығындар қажет емес. Тура сол теңге, бірақ қағазға басылмаған, электронды әмиянда сақталатын ақша деп айтсақ болады.

Басты айта кетерлігі, цифрлі теңге ешқандай да криптовалюта емес. Цифрлы теңгеге жауап беретін мекеме бар – ол Ұлттық Банк. Ұлттық Банк цифрлі теңгені шығарады, осы қызметті басқарып отырады. Ал криптовалюталар орталықсыздандырылған. Олар үшін ешкім жауап бермейді. Олар күрт құнсызданса да, жоқ болып кетсе де, бір де бір жан жауапкершілік арқаламайды. Криптовалюта құны күн сайын орасан құбылып тұратынын білеміз. Ал цифрлы теңге құны қолма-қол теңге құнымен бірдей болады.

Криптоәлемнен цифрлы теңге тек блокчейн технологиясын алды. Онда бірегей цифрлық реттілік (токен) немесе арнайы электрондық әмиянда сақталатын электрондық жазба принципі қолданылмақ.

Цифрлі теңгеде жаңа функциялар бола ма?

Цифрлі теңгенің басты артықшылығы – қауіпсіздігінде. Бұл ақшаны сізден алаяқтар ұрлап кете алмайды. Оның қайда барғаны, кімге түскені барлығы көрініп отырады. Алаяқтар ол жазбаны өшіре алмайды. Екінші жағынан – цифрлі теңгені шығаратын орталық адамның жеке өмірінің құпиялылығына кепілдік беріп отыр. Яғни, заң бұзылмаса, сіздің ол цифрлі теңгені қалай және қайда жұмсайтыныңыз құпия болады.

Қалай қолданамыз?

Жалпы біз үшін ешқандай айырмашылық болмайды. Онсыз да қағаз ақшаны мүлде ұстамайтын болдық. Қазір төлемдерді банк қосымшаларындағы QR код арқылы төлей береміз. Немесе аударымдар жасай саламыз. Цифрлі теңгеде де тура солай. Цифрлы әмианнан, немесе банк қосымшаларынан ақша аударуға, төлемдер жасауға бола береді. Ал ең басты артықшылығы – цифрлі теңгемен интернет жоқта да қолдана беруге болады. Ол смартфондағы цифрлы әмиандарды NFS арқылы байланыстыра алады. Яғни, зат сату, сатып алу үшін интернет қажет емес.

Цифрлы теңге 2021 жылдан бері түрлі тесттерден өтіп келеді. 2021 жылы Ұлттық Банк технологиялық және операциялық тәуекелдерді бағалау бойынша пилоттық жобаны іске қосып, нарыққа қатысушылармен және сарапшылар қауымдастығымен, халықаралық серіктестермен талқылаулар өткізді. 2022 жылы прототип сынаққа шығып, іске қосылған Digital Tenge Hub коллаборативті алаңында IT және қаржы нарығының адамдары прототипті өзара тесттен өткізді.

Биыл цифрлық теңгенің өнеркәсіптік және эксперименттік контуры құрылды. Жұмыстың барлық нәтижесі 2023 жылдың желтоқсан айында қорытынды баяндамада жарияланады.

Осылайша Қазақстан өзінің ұлттық цифрлық теңгесін 2025 жылы қарсы алатын болды. Болашақта еліміз банкнот басудан, яғни қағаз бен бояу шығындарынан кетеді деп ойлаймын. Қағаз ақша тарихта қалса да, цифрланған төл теңгеміз бізбен бірге болашаққа аттанбақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: