31 қазан мен 2 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болады
Болжам бойынша, алдағы үш күнде елордада және еліміздің екі мегаполисінде жауын-шашын және +16°С-қа дейін қызуы күтілуде.
Астанада:
31 қазан – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3°С;
1 қараша – бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0+2°C;
2 қараша – бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.
Алматыда:
31 қазан – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, кейде қатты. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +13+15°С;
1 қараша – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С;
2 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +12+14°С.
Шымкентте:
31 қазан – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +11+13°С;
1 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +11+13°С;
2 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +14+16°С.
Бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ауа райының қолайсыздығы туралы ескерткен болатын.