Мыңнан астам білім алушы президенттік стипендияға ие болды

 Мыңнан астам білім алушы президенттік стипендияға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 17:56 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен 2023 жылы Президенттік стипендия еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалды.

Бакалавр студенттері үшін Президенттік стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге.

ҚР Президенті стипендиясының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу.

Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі - тек "өте жақсы" (А, А -) оқу.

Сондай-ақ, студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: