Қарағанды шахтасындағы қайғылы оқиға жөніндегі Лакшми Митталдың сұхбаты жалған болып шықты
Сурет: akorda.kz
Қазнетте АМТ-ның бас инвесторы Лакшми Митталдың Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты "журналистерге берген сұхбатының үзінділері" тарады. Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат, деп хабарлайды Zakon.kz.
StopFake.kz сайтының жазуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Митталдың ашық әңгімесі" деп аталатын хабарлама тарады. Мәтінде "Бұл Arcelor Mittal металлургиялық компаниясының ортақ иеленушісінің журналистпен "әңгімелесуінен үзінді" деп жазылған.
АМТ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Компанияның баспасөз қызметі таралған хабарлама шындыққа жанаспатынын айтты.
"Желіден іздегенде "әңгімелесуден үзінді" әлеуметтік желілерде пост түрінде ғана шыққаны анықталды. Басқа дереккөздерде – ресми сайттарда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында Лакшми Митталдың осы немесе Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан кейін берген басқа сұхбаттары туралы жазылмаған", – дейді StopFake.kz мамандары.
Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты Костенко атындағы шахтада 2023 жылғы 28 қазанға қараған түні – сағат 02:33-те апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші сыртқа шығып үлгерген. Жер астында қалып қойған 46 кеншінің бәрі қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript