Екі мегаполисте ауа жоғары деңгейде ластанады
Аптаның бірінші күні синоптиктер Астана мен Алматы тұрғындары мен қонақтарына ауада зиян заттардың көп болатынын ескертті.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында өткізетін уақытты қысқарту;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуеннен аулақ болуы керек;
- өкпенің созылмалы ауруы, жүрек-қан тамырлары ауруы және аллергиясы бар адамдар көшеде жүргенде өзімен бірге дәрісін алып жүруі керек;
- Даладағы физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорт іс-шаралары жабық спорт кешенінде болуы керек.
Бір күн бұрын "Қазгидромет" мамандары еліміздің жекелеген өңірлерінің тұрғындарына боран қаупін ескерткен еді. Аймақтарда жел күшейіп, тұман болады.