7 қарашада Қазақстанның басым бөлігін тұман басады

7 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 15:35 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 7 қараша күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, ауа райы ашық болады. Тек батыста және оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен синоптиктер жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжайды.

Ел аумағында да тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +6+8°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0,+2°C, күндіз +12+14°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: