Оңтүстік өңірде Ресейдің есебінен орыс мектептерін ашу - Оқу-ағарту министрі түсінік берді
Сурет: primeminister.kz
Білім министрі Ғани Бейсембаев құрылысы Ресей есебінен қаржыландырылатын, Қазақстанның оңтүстігінде ашылмақ орыс мектептеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда дәлізінде журналистерге сұқбат берген министр еліміздің оңтүстік өңірі үлкен, үш ауысымды мектептер көп екенін және жалпы білім ордалары жетіспейтіндігін атап өтті. Бұл, негізінен, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары.
"Әрине, мұндай өңірлерде мектеп саламыз деп жатса, оны қолдау қажет. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында белгілі бір қаражат бөлінгенімен, бұл да жеткіліксіз", - деді ол.
Сондай-ақ ол елімізде орыс тілінде оқытылатын аралас мектептер бар екенін атап өтті.
"Менің ойымша, кез-келген мектеп біздің мемлекеттік стандарттарымызға тікелей сай келеді. "Орыс мектебі" деген түсінік жоқ... Әрине, орыс тілінде оқитын болады", - деді Бейсембаев.
"Негізінен қазақ тілді балалар тұратын оңтүстікте мұндай мектептерді ашу қаншалықты өзекті" деген сауалға министр былай деп жауап берді:
"Біз көптілділікті дамытып жатырмыз, балаларымыз бәсекеге қабілетті болуы керек. Ата-аналардың ешқайсысы балаларының тілді көбірек білуіне қарсы емес. Сондықтан, егер француз немесе басқа да мектептер ашылып жатса, бұл саясатқа әсер етеді деген бір фобия болмауы керек".
Оның айтуынша, бұл мектептерде қазақстандық мұғалімдер жұмыс істейтін болады, бұл ретте тереңдетілген тіл бойынша Ресей тарапынан педагогтарды тартуға тыйым салынбайды.
"Егер ана тілінде сөйлейтіндер француз, ағылшын тілдерін үйретіп жатса, бұл жақсы емес пе, мұндай тәжірибеде бар", - деді министр.
Оның айтуынша, мектептердің құрылысын Ресей тарапы қаржыландыратын болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript