Қазақстанда дактилоскопия ерікті түрде жүргізіледі
Сурет: pixabay
2023 жылғы 10 қарашада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Әділет министрлігінде өткен отырыс кулуарында Қазақстанда дактилоскопия ерікті түрде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжаттандыру кезінде жалпыдан бірдей саусақ ізін алу ережесі қоғамда да, депутаттар арасында да резонанс тудырды. Қоғам мұны ерікті түрде жүргізуді ұсынды. Ішкі істер министрлігі бұл ұсынысты қарастырды.
"Иә, қазір осындай шешім қабылданды. Заң жобасына түзетулер енгізіліп жатыр. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар саусақ ізін ерікті түрде тапсыруы мәселесі пысықталуда. Шетелдіктер үшін шекарада міндетті түрде жүргізіледі, ал іште құжаттандыру кезінде әркімнің өз еркі біледі".Сәкен Сәрсенов
ҚР-ның заңнамасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алған кезде азаматтарды міндетті түрде саусақ ізін тіркеу басталатынын хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript