Шымкентте арнайы операция кезінде 70-ке жуық заңсыз еңбек мигранты ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен Абай АПБ-ның көші-қон қызметкерлері арнайы операция барысында қаладағы құрылыс алаңдарының бірінен Өзбекстаннан келген 70 адамды ұстады.
Шетел азаматтары полиция басқармасына жеткізіліп, жеке басын растайтын құжаттары мен Қазақстанда болу заңдылығы тексерілді.
50 тұлғаға қатысты үш бап бойынша: ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4,5 бөліктерімен және 518, 519 баптарымен хаттама толтырылды.
Тағы 20 ер адам жеке басын растайын құжаттары болмауына байланысты қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Айта кетейік, 20-23 қараша аралығында қала аумағында "Мигрант" ЖПІШ өткізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript