Жаңалықтар тізбегі
0

Үстел теннисі чемпионын ойын алдында не алаңдатады? Кирилл Герасименкомен сұхбат

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 10:33 Сурет: parimatch.kz
Жоғары ырғақ, ойынға толығымен көңіл бөлу және матчтың барысын талдай білу — бұл кәсіби үстел теннисшісінің негізгі дағдылары. Бірақ бұл спортта жетістікке жету үшін аталған дағдылар жеткіліксіз болуы мүмкін.

Жақында бірнеше дүркін чемпион және Словенияда өткен турнирдің жеңімпазы астаналық Кирилл Герасименко маңызды ойындар алдындағы өзінің салт-жорасымен бөлісті.

— WTT Feeder Otocec-тегі жеңісіңізбен құттықтаймыз! Бұл жеңістің Сіз үшін қандай маңызы бар?

Көп рақмет! Мен өте қуаныштымын, өйткені бұл жеңіс баршамызға ортақ, көптен күткен, таза ауамен тыныс алғандай маңызды. Сондай-ақ, өзіңе сенім арту арқылы, қажырлы жаттығулар арқылы болашақ жеңістерге деген мотивация. Мен өз нәтижелеріммен елімді қуантқым келеді. Сонымен қатар, мен рейтингтің көптеген ұпайларын жинадым, бұл маған Олимпиада ойындарындағы дәрежемді анықтауға өз септігін тигізеді.

— Қарсыластарыңыз қаншалықты мықты болса да, мықты ойын көрсеттіңіз. Қандай матчтар ерекше болып жадыңызда сақталып қалды?

Ия, қарсыластар шынымен де өте мықты болды, ал матчтар болса қиынға соқты: ауыр шайқаста 3:2 есебі де болған. Жартылай финалда және финалда турнирдің финалындағы ойындар ерекше есте қалды. Мен соңғы рет төрт — бес жыл бұрын жеңіп кеткен жігіттермен кездесуге тура келді. Өзімнің ынтам мен жақсы дайындықтың арқасында қарсыластарды ғана емес, өз күмәндарымды да жеңе алдым.

— Көптеген спортшылар ырымшыл болып келеді. Сізде матч алдында сенімділік беретін белгілі бір рәсімдеріңіз немесе ырымдарыңыз бар ма?

Шынында да, көптеген спортшылар ырымшыл болып келеді. Бірақ ондай дүниеге онша сене бермеймін, сондықтан өзімді олардың қатарынанмын деп айта алмаймын. Бірақ менің ойымша, телефон ойыңды жинақтауға кедергі келтіреді. Мен оны матчқа дайындалып жатқанда, жаттығу кезінде, матчтың алдында қолыма алмауға тырысамын. Телефонға мүлдем қарамаймын. Ойынға деген ынтаны толығымен бұзуы мүмкін бірнеше түрлі хабарламаларды көріп қалуыңыз ғажап емес.

— Жеңісті қалай атап өттіңіз?

Жеңістен кейін менің бос бірнеше сағат уақытым болды: моншаға барып, күштерімді қалпына келтірдім. Ал келесі күні таңертең жол жүріп кеттім. Алдағы уақытта келесі жарыстар бар. Жаттығу керек.

— Алдағы турнирлерге қандай жоспарлар бар? Әлемдегі ең мықты 20 спортшының қатарына кіру мақсатыңызбен жұмыс істеп жатырсыз ба?

Дюссельдорфтағы келесі турнирде барымды салып, өзімді жақсы жағынан көрсете аламын деген ойдамын. Германиядағы жарыс биылғы жылдың соңғысы болады. Ал қаңтар айында басқа да беделді турнирлер басталады. Сондықтан мен оған дайындалу керекпін. Алтын медальдарға ие боламын деп үміт артамын!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: