Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл сайын 300-ден астам қазақстандық донор тапшылығынан көз жұмады

Жыл сайын 300-ден астам қазақстандық донор тапшылығынан көз жұмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 09:52 Сурет: pixabay
10 жылдан бері қажетті ағзаға қол жеткізе алмай жүргендер бар. Биыл 5 айдың өзінде күту парағында тұрған 111 адам донор жетіспеушілігінен қайтыс болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда ең негізгі проблемалардың бірі ол донор тапшылығы. Трансплантацияға жетпей жыл сайын 300 ден аса пациент көз жұмып жатыр. Мэлс Асықбаев, Ұлттық ғылыми онкология орталығы ағза транспланттау секторының жетекшісі

Дәл осы күту парағында кезекте тұрған 3916 науқастың 110-ы бала. Оларға жүрек, бауыр, өкпе және бүйрек керек.

Қазақстанда ең алғашқы мәйіттік донор 2012 жылы трансплантацияланды. Содан бері тек, 110 адам ғана өмірден өткесін донор болуға келісім берген, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қазіргі таңда Қазақстанда трансплантацияның барлығы тірі донордан алынады. Статистикаға жүгінетін болсақ 95 пайызы тірі донордан туыстық трансплантация жасалады. Мәйттік трансплантация, өкінішке қарай, бізде дамымай жатыр." Мэлс Асықбаев, Ұлттық ғылыми онкология орталығы ағза транспланттау секторының жетекшісі

Мамандар донор табылған күннің өзінде оны кез-келген адамға салуға болмайтынын айтады. Реципиентпен генетикалық байланысы, тіндік және қан тобы бойынша сәйкес келетін пациент таңдалады. Яғни, күту парағындағы кезек бір сәтте өзгеруі мүмкін.

"Барлығы донор бола алмайды. 100 адамның ішінен 30-ның денсаулығы жарайды. Денсаулығына байланысты шешілетін нәрсе бұл. Тіпті, мына мәйіттердің өзінде тек қана 30 пайызы донор бола алады." Жақсылық Досқалиев, Медицина ғылымдарының докторы, профессор

Қазіргі заңнама бойынша науқас донор болуға келісім берген күннің өзінде туыстарынан рұқсат сұрау міндеттелген. Өкініштісі де сол, 90 пайыз жағдайда марқұмның жақындары оның шешімімен келіспей, бас тартады.

Осы келеңсіздікті болдырмас үшін ДСМ ағза алуға рұқсат сұрау тәртібін өзгертуді ұсынып отыр. Егер марқұм көзі тірісінде үзілді-кесілді қарсы болмаған жағдайда келісті деп саналып, қайтыс болған соң ішкі органдары автоматты түрде алынуы мүмкін.

"Соңғы қабылдаған кодексте бір-біріне қарама-қайшы келетін нормалар бар. Бір нормада жазылған "егерде адам тірі кезінде өзінің рұқсатын беру иә бермеуді қабылдамаса одан алуға болады деген". Бірақ сол нормада жазулы тұр тіпті ол мәйіт болған кезде туысқандарынан сұрау керек деп жазылған. Сондықтан заңды түзету керек. Егер осы қайшылықты алып тастасақ мәйіттен алатын донордың саны көбейеді деген сөз." Жақсылық Досқалиев, Медицина ғылымдарының докторы, профессор

Мәселен, Ұлыбританияда міндетті ағза донорлығы туралы заң қабылданған. Нәтижесінде, жыл сайын мыңдаған адамды ажалдан арашалап отыр. Жалпы, Еуропада донор атанып, өзгелердің өмірін сақтап қалған адамдар туралы деректі фильм түсіреледі. Яғни, ақпараттық және ағартушылық жұмыстар жақсы жолға қойылған.

Сала мамандары, "егер, науқасқа қажетті орган тек мәйіттен алынса, сау адамға донор болу қажеттілігі туындамайды. Тіпті, қара нарықта ағзасын саудалайтындар мен алыпсатарлар азаяр еді",- дейді. Сол үшін 2020 жылдан бастап "eGov.kz" порталы арқылы алдын-ала донорлыққа келісім қалдыру мүмкіндігі берілген. Бірақ 3 жыл ішінде 20 млн халықтың тек 35 мыңы ғана сайтқа кіріп, төрт мың адам ғана келісім берген.

"Науқастың мәйіттік донор болудан бас тартуына негізінен діни ұстаным кедергі",- дейді дәрігерлер. Бірақ дін өкілдері мәйіттік донор болудың үлкен сауапты іс екенін растайды. Әрине, нақты талаптар ескерілсе...

"Донор болайын деп жатқан адам тірі кезінде келісім берген болу керек және өлім жағдайы нақты тіркелу керек. Одан кейін ақшаға қарымта есебінде болмауы керек және адамның іші босап қалатындай бүкіл ағзаларының алынуына тыйым салынады." Елібек Тасболатұлы, ҚМДБ шариғат және пәтуә бөлімінің маманы

Елімізде ағза трансплантациясы толықтай ақысыз негізде жасалады. Сонымен қатар операциядан кейінгі емге қажетті дәрі-дәрмектің бәрі тегін беріледі. Заманауи медициналық құрал-жабдықпен қамтылған Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы 7 трансплантация орталығы жүрек, бауыр, бүйрек, өкпе, ұйқы безі және көздің мөлдір қабаты трансплантациясын жасай алады. Ендігі қалғаны, халықтың мәйіттік донорға деген көзқарасының бір арнаға түсуі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: