Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мопедтердің қатысуымен 300-ден астам жол-көлік апаты болып, 14 адам қаза тапты

Алматы, мопед, жол-көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 12:44 Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы болып, 14 адам қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл статистиканы Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек брифинг барысында келтірді.

"Жыл басынан бері Алматы жолдарында мопедтердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы болып, 14 адам қаза тапты, 355 адам жарақат алды. Статистика қорқынышты", – деді Салтанат Әзірбек.

Ол жақында Розыбақиев-Тимирязев көшелерінің қиылысында мопедист 59 жастағы әйелді қағып кеткенін айтты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Әрбір жол қозғалысына қатысушы, оның ішінде мопед жүргізушілері өз жауапкершілігін сезінуі және тәртіпті болуы өте маңызды.Мопед жүргізушілерімен мәселе әлі де күрделі. Біз рейдтер, мақсатты жаттығулар жүргіземіз, шаралар қабылдаймыз, бірақ олар түнде тұрғындардың тыныштығын бұзады", – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі.

Жалпы, Алматыда жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің үстінен 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған. Жол ережесін бұзғаны үшін 1,5 мыңнан астам мопед тұраққа жөнелтілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: