28 қарашадағы түскі саудада доллар тағы құлдырады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,29 теңгеге төмендеп, 459,04 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,23 теңгені (-0,04) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 502,92 теңге, рубль – 5,18 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 459,7-461,9 теңгеге, еуро 501,5-504,5 теңгеге, ресей рублі 5,07-5,21 теңгеге сатылуда.
Ал, 28 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында ақпандағы Brent фьючерстерінің құны барреліне 80,31 долларға дейін 0,55%-ға өсті.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,57%-ға өсіп, 75,29 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript