ШҚО тұрғыны танысына пәтер алып беруге көмектесемін деп 7 млн теңге қаражатын заңсыз иемденген
Сурет: Zakon.kz
Алаяқтық туралы арызбен Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне қаланың 24 жастағы тұрғыны жүгінген.
Бойжеткеннің айтуынша, осы жылдың сәуір айында оның танысы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсетемін деп 7 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген.
Алайда сегіз айдың ішінде арызданушы пәтер де, ақшасын да алмаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған, ол өз әрекеттерін мойындаған.
Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript