Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-ның екі тұрғыны 140 миллион теңгеге алдады деп күдікке ілінді

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2024 11:50 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өскемен қаласы Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген.

Ол 2022 жылдың қараша айында белгісіз біреулер пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, одан 5 миллион теңге алғанын, бірақ қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпағанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің тағы осыған ұқсас 32 қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.

Белгілі болғандай 39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап тұрғындардың сеніміне кріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кетіп отырған. Жалпы шығын 142 миллион теңгеден асты.

Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: