Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Сергек камералары көбейеді

Алматыда Сергек камералары көбейеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 14:34 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жақсартылған функционалы бар 300 жаңа Сергек АӨК орнату көзделіп отыр

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында "Алматы қаласының жол трафигін талдау және зияткерлік қауіпсіздік жүйесі" мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын кеңейтуді ұсынды.

Жоба бойынша шарт аясында 1341 аппараттық-бағдарламалық кешен (АӨК (7894 камера) қызмет көрсетілед, оның 575 АӨК биыл іске қосылады.

Полиция департаментінің қажеттілігіне байланысты және Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға сәйкес жобаны жақсартылған функционалы бар 300 жаңа АӨК-ке (1200 камера) кеңейту ұсынылды.


"Кеңейтуге келетін болсақ, "Көркем Телеком" ЖШС желілік учаскелерде шартта бекітілген АӨК қызмет көрсету құнын өзгертпей, функционалы жақсартылған, инфрақызыл жарқылмен 300 АӨК орнатады. Осылайша, келесі жылдың сәуіріне қарай 1641 АӨК Сергек (9094 камера) жұмыс істейді", - деді Цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек.

2020 жылдан бастап "Сергек" АӨК бүгінгі күнге дейін ҚР ЖҚЕ 4 млн 996 мың 691 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 35 млрд 614 млн 748 мың теңге айыппұл салынды, жергілікті бюджетке 27 млрд 532 млн 297 мың теңге өндірілді. Сонымен бірге, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің дерегіне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 17%-ға, жолдағы өлім-жітім 40%-ға, жараланғандар саны 30%-ға азайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: