Астанадағы колонияда кәсіпкерлер проблемасы талқыланды

Астана бойынша ҚАЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2023 12:18 Сурет: Астана бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Астана бойынша ҚАЖД №3 мекемесінің базасында 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың Жол картасы шеңберінде кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынның мақсаты – өндірістік қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпкерлер жиі тап болатын, өндірісті дамытуға кесірін тигізетін проблемалар мен факторларды анықтау. 

Жиыннан соң "Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы " директорының орынбасары Н.С. Ахметова, Астана прокуратурасының қадағалау жөніндегі прокуроры Д.К. Мирашев, мекеме басшылығы және әкімшілігі, сондай-ақ "Еңбек-Аршалы" РМК өкілдері мекеменің өнеркәсіптік аймағының аумағына барып, жұмыс объектілерін аралады. Сондай-ақ оларға пайдаланылмайтын объектілер, өнеркәсіптік аймақтың үй-жайлары көрсетілді.

Мұндай кездесулер өндірістің дамуына теріс әсер ететін проблемалар мен факторлардың тізімін дер уақытында анықтау, сондай-ақ одан әрі бірлескен ынтымақтастықты дамыту үшін қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: