Семейде жезөкше клиенттің картасынан үш миллион теңге ұрлап кетті

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 10:32 Сурет: видеодан скриншот
Жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында бұрын жасалған Семей қаласының тұрғынынан ұрланған 3 млн теңге ақша ұрлығы ашылды, оның банктік картасын интимдік қызмет көрсеткен қыз ұрлап алып, ақшалай қаражатқа айналдырған.

Тағы бір мысал, Түркістан облысында 18 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүрген әйел Атырау облысында табылды.

Сұрау барысында ол 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты 2005 жылы үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны анықталды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне дереу хабар беріп, азамат туыстарымен байланысқа шықты.Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында.

Оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып, құқықтық кеңес берілді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері қылмыстық және әкімшілік полициямен бірлесіп рейдтік іс-шараларды жалғастыратын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: