Шымкент полициясы жезөкшелік қызмет ұсынған 24 сайтты бұғаттады

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 10:50 Сурет: ҚР ІІМ
Жеңіл жүрісті қыздар өз қызметін ұсынған интернет-сайттарды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері "STOP-трафик" профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Олар "Кибернадзор" бағдарламасының көмегімен бұғатталды. Үш күннің қорытындысы бойынша полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 52 азамат пен 2 жеңгетайды полиция басқармасына жеткізді.

Сонымен қатар шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін 22 адам жауапқа тартылды.

Осы кодекстің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін жалға үй-жай берген 9 адамға айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: