Алматыда 10 айда негізгі капиталға 1,2 трлн инвестиция тартылды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Нақты шамада 4,2% өсті. Жеке инвестициялардың өсуі 10,9%-ға дейін жеделдеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.
"Қала экономикасын дамытудағы оң динамика бюджет кірістерінің 34,5%-ға – 4,9 трлн-ға дейін өсуін қамтамасыз етті. Бұл ретте республикалық бюджетке өсім 35,4%, ал жергілікті бюджетке – 32% болды", - деді Алматы әкімі.
Сонымен қатар, әкім өз сөзінде еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келе жатқанын айтты.
Жыл басынан бері 73 мың жұмыс орны құрылғандықтан ІІІ-ші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке (2022 ж. - 5,0%) дейін төмендеді. Бұл ретте, оның 77,4%-ы тұрақты жұмыс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript