Елімізде 20 су қоймасы салынады

Елімізде 20 су қоймасы салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 13:46 Сурет: Zakon.kz
Көрші елдерге тәуелді болмас үшін Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы Үкіметте өткен Су кеңесінің отырысында айтылды.

Жиында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жайы талқыланды.

Ол үшін 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзір.

Құжатқа сәйкес, алдағы жылы 9 облыста көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ қолданыстағы 15 су қоймасын күрделі жөндеу көзделген.

Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстары мен суармалы жер көлемін ұлғайтып, 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: