Ақмола облысының полицейлері алимент төлемеген ата-аналарды анықтады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 14:51 Сурет: ҚР ІІМ
Осы жылдың 8 желтоқсанында Ақмола облысы ПД-да екі ақмолалыққа қатысты Красный яр ауылы мен Қарағанды облысының тұрғындарынан өтініш келіп түсті.

Олар ұзақ уақыт бойы Ақмола облысының бұрынғы ерлі-зайыптылары, кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтынын хабарлады.

Бірінші жағдайда, 32 жастағы ақмолалықтың 12 жастағы ұлын асырау бойынша қарызының сомасы 2 млн 138 мың теңгені құрайды.

Екінші жағдайда, тағы бір әке өтініш берушінің айғағы бойынша 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған қызын асырауға алимент төлемейді, ер адамның берешегі 1 млн 138 мың теңгені құрайды.

Екі факті де ҚР ҚК-нің 139-бабы 1-бөлігі (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға міндетті.

Үш айдан астам уақыт алимент төлемеген борышкерге ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу, сондай-ақ лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтарды иеленуде, мысалы, автомобиль көлігін жүргізу құқығын беруде уақытша шектеу белгілеу түріндегі қосымша мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: