Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екі ер адам лото автоматын бұзып, ақшасын алып кеткен

Алматыда екі ер адам лото автоматын бұзып, ақшасын алып кеткен , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 15:38 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысының екі тұрғыны ойын автоматын бұзып ақша таппақ болған.

Полицейлердің мәліметінше, бұрын сотталған 35 және 31 жастағы екі ер адам Медеу ауданындағы бутикке кіріп, аппаратты бұзып, сол жерден 140 мың теңге ұрлап кеткен. Кәсіпкер келтірілген материалдық шығынды 336 мың теңгеге бағалаған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар ұрлық жасағандарын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталғандардың жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Айта кетейік, екі жігіт те бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған болатын. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді, Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: