"Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауында 21 жастағы балерина Сабина Ыдырысова жеңіске жетті
14 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында көптен күткен "Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Финалда елдің ең әдемі қызы атағын кімнің жеңгені, кімнің көрермендер көзайымы болғаны және алдағы уақытта халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсететін арудың кім екені анықталды.
Шоуға кастингтер мен конкурстың жартылай финалында іріктеліп алынған, сондай-ақ аймақтық сайыстарда жеңіске жеткен 25 қыз қатысты. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жасы 18-ден 25-ке дейін, бойы 165 см-ден жоғары, Қазақстан Республикасының азаматы, тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керек.
Байқауда "Қазақстан аруы" президенті әрі модель Айдай Исаева, өткен жылғы маусымның жеңімпазы Томирис Какимова, спортшы, актер Еркебұлан Тоқтар, қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама, кәсіби модель Анжела Пересыпкина, қазақстандық поп-әнші Мадина Сәдуақасова, күштік нөмірлер бойынша төрт дүркін әлемдік рекордсмен Сергей Цырульников қазылар алқасы ретінде төрелік етті.
Бұл маусымда "Қазақстан аруы" планетамызға қамқорлық көрсету принципін қолдау платформасына айналды. Сондай-ақ байқаудың әрбір қатысушысы тек сұлу әйел емес, экологиялық сана-сезім мен қоршаған ортаға қамқоршы екенін көрсетті.
Байқаудың биылғы ұраны "Болашақты аяла" девизі болды. Ол тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, инновациялық нейрожелілерді біздің өміріміз бен процеске белсенді енгізуге әсер етті.
"Қазақстан аруы-2023" титулын Сабина Ыдырысова жеңіп алды. "Вице-мисс Қазақстан-2023" атағын талантты Ботагөз Нұржігітова иеленді. Елімізді халықаралық аренада таныстыру құқығына бірден екі қыз ие болды – "Жер аруы Қазақстан-2023" Аяулым Әлімхалиева және "Ғалам аруы Қазақстан-2023" Мадина Әлмұханова. "Miss People’s Choice Kazakhstan 2023" номинациясында көрермендер дауысы нәтижесінде Аделина Балғымбаева жеңіске жетті. Сонымен қатар биыл байқау серіктестерінен қосылған жаңа номинацияны - "Miss INVICTUS Kazakhstan-2023" Алина Имирова иеленді.