Екі адамды өлім аузынан аман алып қалған шымкенттік полицей оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Сурет: ҚР ІІМ
Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Нұржан Айдаровты достары өз арасында қаһарман деп атап кеткен. Тәртіп сақшысы қызмет барысында көпірден секіруге оқталған 30 жастағы жігіт пен тұрғын үйдің 11-қабатынан секірмек болған қызды құтқарып қалған.
"Қала аумағын патрульдеу кезінде Бадам өзенінің үстінде көпірден секіруге оқталып тұрған жалғыз жігітті көзім шалды. Әріптесім екеуміз алған бағытымызды бірден өзгертіп, артқа қайттық. Оны тоқтатуға асықтық. Іште бір ғана ой болды, құтқарып үлгерсек екен деген. Әйтпесе, бірнеше секундка кешіксек, бір отбасы баласынан айырылып қалар еді. Абырой болғанда, көліктен түсе сала шапшаң қимылдап, көпірдің жақтауында тұрған жігітті қос қолтығынан көтеріп, қауіпсіз жерге тартып шығардық. Кейін ол жеке басының мәселелеріне байланысты осы қадамға баруды шешкені белгілі болды", – дейді Нұржан Айдаров өткен жазда болған оқиғаны еске алып.
Бұған қоса ол осыдан 20 күн бұрын көпқабатты үйдің 11-қабатынан секіріп суицид жасауға оқталған азаматшаны ажалдан арашалап қалған болатын. 9 жылдан астам еңбек өтілі бар полиция қызметкері, оқыс жағдайларда адамдарды құтқарып қалу немесе оларға көмек көрсету өзінің азаматтық борышы деп санайды.
"Адамның күні адаммен ғой. Біз жәй ғана себепкерміз", – дейді қарапайымдылықты жаны сүйетін тәртіп сақшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript