Патриоттық челлендж орындаған Ақмола облысының өрт сөндірушілері ерекше көзге түсті
Сурет: akorda.kz
Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнап орындаған патриоттық челленждің видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода өрт сөндірушілердің мұз үстінде коньки тепкен сәтін тамашалауға болады. Ең бастысы, олар Қазақстан Республикасы туын желбіретіп, еліне деген өз мақтаныштарын паш етеді. Одан кейін кадрда Қазақстанның әр жылдары басынан өткерген қиын-қыстау сәтттерінің хронологиясы беріледі. Яғни, тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келмегенін, жүріп өткен жолда ата-бабамыздың қаны мен жаны, аманаты барын еске салады.
Айта кетсек, Алматыда бес мекеме ұжымы бір мезетте мемлекеттік Әнұранды орындап, желіде ұжымдық челлендж жариялаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript