Экс-сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды

Бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы қала тұрғыны полицияға жүгінді.
Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен.
Күдіктіні қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады.
Осы жайт бойынша полицейлер тергеу әрекеттерін бастады.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript