Таразда ер адам екі шетел азаматын құлдықта ұстаған
Арызда жәбірленушілер ер адам олардың жеке басты куәландыратын құжаттарын алып қойып, Тараздағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін айтқан. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша талап еткен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алған кезінде ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Одан ұсталған кезде 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат, Redmi 7 телефоны және құжаттар тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.