Жаңалықтар тізбегі
0

Кентаулықтар әкімдікте шу шығарды

Кентау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 23:01 Сурет: видео скрині
Кентау тұрғындары әлі тоңып отыр. Қалада бір аптадан бері жылу жоқ. Шыдамы таусылған халық қала әкімдігіне басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Кентауда жылда болатын нәрсе ос. Әкімдердің бәрі жепжеп кетіп қалады. Неге тарифті көтеріп жатыр, түсінбеймін. Бұндай жылумен қалай көтереді? Кентауда. ТЭЦ те жылуға дайын емес. Оны кеше әкімнің орынбасары да мойындаған. Екіншіден, балаларды неге онлайн оқытпайды. Бәрі кеше мектептен жаурап ауырып келді".

Бір апта бұрын жылу энерго орталығында жарық өшіп, төрт қазандық істен шыққан. Артынша шенеуніктер қаладағы жылу мәселесі бірден шешілгенін айтып есеп берді. Алайда тұрғындар әлі күнге тіземіз жылымады дейді.

Бұған қоса, жылудың бағасы көтеріледі деген ақпарат тараған. Осыған ашулы халық әкімдікке ағылды. Ал шенеуніктер 13-23 желтоқсан аралығында жылу ақысы түбіртекке қосылмайтынын айтты. Ал апта бұрын жөнделді деген жылу жүйесі алдағы күндері толық қалпына келтіріледі дейді әкімдік өкілдері. Қазір жылу орталығындағы кей қазандық жөнделіп жатыр екен.

"Бұл қазіргі температура режимі графикқа сәйкес, бүгінгі таңға 34 градус жылынбай болып жатыр. Бірақ ол қазір көтеріліп келеді. Ертең төртінші қазандықты қосамыз. Қосқаннан кейін қала толық жылумен қамтамасыз етіледі"."Кентау Сервис" ЖЭО директоры Серік Симтиков
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: