Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда жеткіншектердің құқығы қорғалады

Өзбекстанда жеткіншектердің құқығы қорғалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 13:30 Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда 4 жасар бүлдіршінге зорлық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы балалар омбудсмені әлеуметтік желідегі ресми каналында жариялады.

Ташкент облысы Келес қаласының тұрғындардың бірі жекеменшік балабақшадағы әлімжеттік туралы айтып шағымданған еді.

Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген тексерулерден соң Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 129 бабы, яғни кәмелеттік жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу шаралары басталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Балалар омбудсмені сондай ақ кәмелетке толмаған қыз баланы тұрмысқа беруді тоқтату мәселесі айрықша назарда болатынын мәлімдеді. Бірер күн бұрын 7-ші сынып оқушысының атастырылу рәсімі өтіп жатқаны туралы видео тараған.

Жиналғандар жас қызды құттықтап, мойнына алтын алқа тағуда. Видео авторы "жеткіншекті атастырып жатыр" деген болжамын жазған. Желі қолданушылары мұндай сорақылыққа жол бермеу керектігін айтса, қыздың ата- анасы "бұл туған күн рәсімі" деп ақталды. Оқиғаның мән жайы жан- жақты тексеріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: