Астаналық тұрғын жаңа танысының үйінен алтын бұйымдарды қолды еткен
Кейін әңгімелері жарасып, тағы да кездеспек болып, қыз жаңа танысын үйіне шақырған. Бірге отырып, тамақтанғаннан кейін қыз ұйықтап қалған.
Ал жігіт болса сол сәтті пайдаланып, қыздың 3 алтын алқасы мен 1 білезігін, жалпы құны 920 мың теңгеге бағаланған зергерлік бұйымдарды алып, онысымен қоймай телефонынан өзінің шотына 1,8 млн теңге ақшасын аударып, таңға жуық үйден шығып, тайып тұрған.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жігіттің жүрген жерін анықтап, оны құрықтап, ұстау амалдарын жүргізген.
Ұсталған ер адам өз қылмысын мойындап, жәбірленушінің шығындарын өтеген. Қазіргі уақытта оның елорда аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.