Еліміздегі мегаполистердің бірінде ауа сапасы нашар болатыны болжанады
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" мәліметтері бойынша, сенбі, 30 желтоқсанда Шымкентте қолайсыз метеожағдайлар күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа райы жағдайында мыналар ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе тас жол немесе басқа ластану көздерінің бойында болу уақытын қысқарту;
- балалар мен жүкті әйелдерге сыртта ұзақ серуендеуге болмайды;
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу қажет;
- дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жабық спорт кешендерінде жүргізіледі.
Айта кетсек, 30 желтоқсанда Астана мен еліміздің 15 өңірінде боран соғып, көктайғақ болады деп болжанады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript