Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
Астана, Петропавл, Қарағанды,Теміртау және Атырау қалалары 16 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ туындағанда елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа райы жағдайында мына шараларды ұстанған жөн:
- ашық ауада, әсіресе жол бойында немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқартыңыз;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек;
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жабық спорт кешендерінде жүргізіледі.
Синоптиктер алдағы сенбіде, 16 қыркүйекте еліміздің мегаполистері мен өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтқан хабарлаған болатын.