Қазақстанның үш қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" мамандары бейсенбі, 7 қыркүйекте еліміздің үш қаласында ауадағы зиян қоспалардың көп болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктер 7 қыркүйек, бейсенбі күні Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп отыр.
Қолайсыз ауа райы жағдайы (ҚАЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Синоптиктердің мәліметінше, дәл осы күні, 7 қыркүйекте Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript