Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорған тұрғындары жаппай төбелесіп, дәмхананы қиратты

төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2024 14:34 Сурет: Instagram/kris.p.shym, коллаж Zakon.kz
2024 жылдың бірінші күні, 1 қаңтарда әлеуметтік желіде Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде түсірілген жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны Instagram-дағы kris.p.shym парақшасы жариялады.

"Талдықорғаннан жалынды сәлем... 2024 жылдың алғашқы минуттары. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймыз. Тиісті мекемеден ресми ақпарат күтеміз", - делінген жазбада.

Ескерту! Видеода балағат сөздер бар.

Видеоға қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді. Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде емес, бірнеше күн бұрын болғаны белгілі болды.

"Бұл дерек 29 желтоқсанда Талдықорғанда тіркелді. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жанжалға қатысқандарды қалалық басқармаға жеткізді", - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полицейлер жаппай төбелестің салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: