Жаңа жылдық мерекелерден кейін доллар қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,37 теңгеге қымбаттап, 457,06 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,03 теңгені (+0,07) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 502,24 теңге, рубльді 5,06 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 457,7-460,3 теңгеге, еуро 500,5-503,5 теңгеге, ресей рублі 4,85-5,01 теңгеге сатылуда.
Ал 3 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE биржасында наурызда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне $74,88 (-1,55%) жетті.
Бұл ретте WTI маркалы мұнай фьючерстері ақпан айында жеткізілетін мұнай фьючерстері 1,39%-ға төмендеп, барреліне 69,38 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript