11 маусымдағы саудада доллар қымбаттады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 15:44 Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,52 теңгеге қымбаттап, 449,76 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 61,88 теңгені (+0,32) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 481,1 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,1-449,7 теңгеге, еуро 482-486 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,05 теңгеге сатылуда.

Ал 11 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,02%-ға төмендеп, барреліне $81,61 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,01%-ға төмендеп, барреліне 77,73 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: