Қызылорда облысының әкімі кәсіпкерлер демеушілігімен атқарылған жұмыстарды көрді

«Орталық бейітке» күрделі жөндеу жұмыстары жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалды. Аумағын абаттандыру, көгалдандырудан бөлек, жол салынды., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2024 15:11 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевпен күрделі жөндеуден өткен "Орталық бейітке" барып, жай-күйімен танысты. Жөндеу жұмыстарын көріп, Құран бағыштады.

"Орталық бейітке" күрделі жөндеу жұмыстары жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалды. Аумағын абаттандыру, көгалдандырудан бөлек, жол салынды. Оған 110 млн теңге қаржы жұмсалды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, өткен жылы Қызылорда облысының 85 жылдығына тарту ретінде жергілікті кәсіпкерлер Қорқыт ата ескерткіш-кешенін, Хорасан ата кесенесін қайта жаңғыртып, айналасын абаттандырды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдағы уақытта Оқшы ата кешені басында да осындай жұмыстар жүргізіліп, Марал баба кесенесіне 7 шақырымға жуық жол салынбақ.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Жаңақорған ауданындағы Хорасан ата кесенесін абаттандыруға демеушілер 100 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Кесене XIV ғасырда салынған, 2005 жылдан бері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген." Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: