Жаңалықтар тізбегі
0

Qazaq Stroy компаниясы Алматы тұрғындарына кесілген ағаштар жөнінде түсіндірді

Qazaq Stroy компаниясы Алматы тұрғындарына кесілген ағаштар жөнінде түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2024 13:58 Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі
Qazaq Stroy құрылыс компаниясының директоры Болат Ибрагимұлы Алматы қаласы Алатау ауданы, Дарабоз ықшам ауданындағы тұрғын үй кешені құрылысының аумағындағы ағаштарды кесу жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз осы қалада туып өстік және біздің іс-әрекеттеріміз қоғамда жағымсыздық тудырғаны өте өкінішті. Осы мәселе жөнінде түсіндіріп өтсем деймін. 2023-жылдың мамыр айында осы жер учаскесін сатып алғаннан кейін тұрғындармен үнемі кездесіп, келіссөздер жүргізіп отырдық. Тұрғындар бірнеше мәселелерді көтерді. Оның ішінде, қоқыс толы, жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру жоқ. Сонымен қатар, бұл жерде жүру қауіпті болды. Себебі, мұнда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналып, қаңғыбас иттердің үйірлері кезіп жүрді. Ағаш кесілген жерде ешқашан саябақ болған емес, тек жабайы өсінділер болған. Сондықтан бастапқыда біз өз жобамызда заманауи саябақ салуды қарастырдық".
Болат Ибрагимұлы

Құрылыс салушының айтуынша, саябаққа ағаштар отырғызылады, олардың арасында Қызыл кітапқа енген ағаш түрлері де болады. Сонымен бірге, көгалдар төселіп, сыртқы жарықтандыру, суару жүйелері орнатылады және жаяу жүргіншілер жолдары жасалады. Демалыс және воркаут алаңдары бар көпфункционалды спорт аймағы жабдықталады.

"Жалпы айтқанда, мұнда тұрғындарымыз өз отбасымен демалып, уақыт өткізетін заманауи саябақ жасалады. Жұмысты бастамас бұрын мамандандырылған компания осы учаскедегі ағаштарды санап, тұқымды зерттеді. 2979 ағаш шықты. Оның ішінде 182 ағашты қайта отырғызуға, ал 2797 ағашты кесуге рұқсат алдық. Мұның бәрін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жасадық және барлық қажетті құжаттарды алдық. Өтемақы заң бойынша кесілген 1-ағашқа 10-ағаш отырғызылу қажет. Сондықтан, биыл барлығы 27 970 ағаш отырғызамыз. Ең алдымен, біз жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің аумағында, содан кейін бүкіл қалада отырғызуды бастаймыз", - деп толықтырды құрылыс компаниясының директоры.

Qazaq Stroy ағаш түрлерін зерттеп, оларды санап, рұқсат құжаттарын алғаннан кейін ғана кесуге кіріскенін атап өтті.


Алатау ауданындағы Дарабоз ықшам ауданында тұрғын үй кешенінің құрылысынан және саябақтан бөлек: 1200 орындық мемлекеттік мектеп, мектепке дейінгі мекеме, зейнеткерлерге арналған демалыс орталығы салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: